
2021 жылы 24 мамырда өңірлік операторлардың өндірушілерден тікелей сатып алуы үшін қолжетімді шағын партиялармен коммуналдық-тұрмыстық көмір биржалық сауда-саттық басталғаннан бері шамамен 1,3 млрд теңге сомасына 180 мың тоннадан астам көмір сатылды. 2021 жылдың екінші жартыжылдығында тауар биржалары арқылы сатылуға тиіс коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы көлемі 511 мың тоннаны құрайды, оның 476 мың тоннасы саудаға шығарылды. БҚДА жанындағы Биржа комитеті әзірлеген және 2021 жылы 16 тамыздағы биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген өзгерістермен заң жүзінде бекітілген тауарлық биржалар арқылы коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату жөніндегі секциялық қағидаларға сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірдің көмір разрездері өндіретін барлық көлемінің 10% - ы шағын партиялармен тауарлық биржалар арқылы өткізілуі тиіс. Биржалық сауда-саттықтың мұндай схемасы тиімсіз делдалдарды алыстатып, халықты қолжетімді коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету үшін құрылған.
Қазіргі уақытта тауар биржаларында коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылар еліміздің 11 өңірінен 37 өңірлік көмір операторлары болып отыр. Сауда-саттыққа қатысу үшін барлығы 201 өңірлік оператор аккредиттелді. Өңірлік операторларға көмір жеткізу ағымдағы жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында жоспарланған. Көмірді сату күні, орны және жоспарланған көлемі туралы халықты жергілікті атқарушы органдар хабардар етеді. Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің сатуға қалған көлемі туралы мәліметтерді БҚДА биржалық сауда-саттықтың өткізілуіне қарай жергілікті атқарушы органдарға береді.
Сурет ашық көздерден алынды