
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп әуежайларға жерде қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңның 65-бабының 2-тармағы (Заңның тармағы) қайта қолданысқа енеді, онда әуежайда жылына 2 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсету кезінде әуежай жерде қызмет көрсету қызметтеріне тәуелсіз жеткізушілерге рұқсат етуге міндетті деп қарастырылған. Бұл санатқа Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары кіреді. Қазіргі уақытта әуежайлармен қатар авиакомпаниялар жерде қызмет көрсету қызметтерін өздері көрсетеді. Бұл жолаушыларды қарсы алу және тіркеу, авиаотын құю, әуе кемесінің тиелуін бақылау, мұз басуға қарсы өңдеу, әуе кемелерінің сыртын жуу, багажды өңдеу, салондарды жинау және т.б. сияқты қызмет түрлері. Заң тармағының қолданысын қайта жаңғырту әуекомпанияларға тәуелсіз жеткізушілерге жерде қызмет көрсету қызметтерін көрсетуге мүмкіндік береді, бұл көрсетілетін қызметтердің осы сегментінде бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, жолаушылар ағыны 2 миллионнан асатын әуежайларда тәуелсіз жеткізушілерге терминалдық қызметтер көрсету кезінде (жолаушыларға, жүктерге, почтаға қызмет көрсету және т.б.) еркін қолжетімділік қарастырылады. Перронда қызмет көрсетуге қызметтері кем дегенде жерде қызмет көрсететін 2 операторға қолжетімді болуы қарастырылады, олардың біреуі - тәуелсіз.
Бұл нарықта бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау үшін нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде ҚР ИИДМ бекіткен әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлақтық және жерүсті қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесіне ( тізбе) өзгерістер енгізу қажет.
БҚДА әуежайлардың, әукомпаниялардың және нарықтың басқа да қатысушыларының ұсыныстарын ескере отырып, Тізбеге өзгерістер жобасын жіберді. Ұсынылған түзетулерге сәйкес, қызметтерді 3 кіші топқа бөлу қарастырылған:
- перрондық қызмет көрсету, онда қызметтерді кем дегенде 2 жерде қызмет көрсету операторы ұсынады, олардың біреуі - тәуелсіз (жолаушыларды жеткізу, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету және т. б.),
- инфрақұрылымдық қызмет көрсету, тек инфрақұрылымның меншік иесі ғана қызмет көрсетеді (әуе кемесінің ұшуын және қонуын қамтамасыз ету; авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; тікұшақтарды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету, авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету кешенін ұсынуды және т. б. қоса алғанда, тікұшақтардың әуеайлақтан тыс ұшуы және қонуы кезінде ұсынылады),
- терминалдық қызмет көрсету, онда тәуелсіз жеткізушілерге еркін қолжетімділік беріледі (келетін және кететін жүктерді өңдеу; жолаушыларды тіркеу; жүкті жүк терминалында жиырма төрт сағаттан артық сақтау және т.б.).
Бұдан бөлек, БҚДА ҚР ИИДМ бекіткен әуежайларда жерүсті қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жолдады. Ұсынылатын қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жердегі қызметтерді сертификаттау мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Сурет ашық көздерден алынды