АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕКІ ІРІ АРМАТУРА ЖЕТКІЗУШІ ӨЗ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТТІ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕКІ ІРІ АРМАТУРА ЖЕТКІЗУШІ ӨЗ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТТІ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен құрылыс материалдары нарықтарында бағаның өсуінің негізділігі тұрғысынан монополияға қарсы талдау жүргізілуде.

Арматура нарығын талдау қорытындылары бойынша бәсекелестікті шектеуге бағытталған, оның ішінде арматураға бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға қатысты тауарларды өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын «УралМеталлИнвест» ЖШС және «Қазтемірконтракт» ЖШС іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталды.

Осы компаниялардың атына бағаны төмендету қажеттілігі туралы хабарлама жолданды. Аталған ұйымдар монополияға қарсы органның хабарламасын орындап арматура бағасын 9% - ға дейін түсірді.

Атырау облысы бойынша монополияға қарсы департамент нарықты талдауды және құрылыс материалдарының бағаларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда, олардың нәтижелері бойынша заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.

 

Сурет ашық көздерден алынды