
Атырау қаласындағы азық-түлік ритейл нарығын талдау барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын көтерме жеткізушілерде ретро бонустар және дүкен сөрелерінде өнім көрсетілгені үшін маркетингтік төлемдер түрінде қосымша төлемдерді талап етуге қатысты «Идеал Маркет» ЖШС (Идеал дүкендер, Лидер), «ТД Ярмарка» ЖШС, «Анвар» ЖШС және «Marco» ЖШС сауда желілері тарапынан бұзушылықтарды анықтады.
Мәселен, күнбағыс және сары май, сүт көтерме жеткізушілерімен шарттар жасау кезінде 2% - дан 7% - ға дейін сыйақы төлеу белгіленді.
Ішкі сауда қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген), ішкі сауда субъектісінің (бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген сауда желілері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақы төлеуге жол берілмейді.Бұл қосымша маркетингтік төлемдер есебінен бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес, баға мониторингі жүргізілетін азық-түлік тауарларының 19 түрінен тұратын тізім бекітілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған бұзушылық бір жыл ішінде қайта жасалған жағдайда ескерту және 300 АЕК (2021 жылы 1 АЕК 2917 теңгеге тең) мөлшерінде айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Тиісті ақпарат құзыреттілік бойынша шаралар қабылдау үшін Атырау қаласы әкімдігінің қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жіберілді.
Сурет ашық көздерден алынды