НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ АРМАТУРАНЫ ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІЛГЕН ІС-ӘРЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІН АНЫҚТАДЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНЫ АРМАТУРАНЫ ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАРСЫ КЕЛІСІЛГЕН ІС-ӘРЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІН АНЫҚТАДЫ

Құрылыс материалдарына бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті нарықта құрылыс материалдарының 13 түріне талдау жүргізуде (цемент, бетон, кірпіш, арматуралық болат, шыны, қабырға блогы, кабель, мырышталған профлист, қада, плита, полиэтиленді құбыр, газоблок, минералды жүн плитасы).

Арматураны өткізу нарығын талдау барысында 6 нарық субъектісінің («Стальной двор - Астана», «Торговый дом ММК-Казахстан», «Казахстанско-российская сталепромышленная компания», «Альбион-Строй-2030», «МетТрансТерминал», «Белес-ТК» ЖШСі)  іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасынның бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бөлігін бұзу белгілері анықталды.

Осылайша, жоғарыда аталған нарық субъектілерінде арматураны өткізу бағасының негізсіз өсуі байқалады. Бұл ретте, нарық субъектілерінің әрекеттерінде осы нарық субъектілеріне тең дәрежеде ықпал ететін мән-жайлардың салдары болып табылмаған.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, нарық субъектілерінің атына монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарламалар жіберілді.

Заңнамада белгіленген мерзімде (30 күнтізбелік күн) хабарламалардың орындалмауы тергеу тағайындау үшін негіз болып табылады.

 

Сурет ашық көздерден алынды