
2021 жылы 12 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департменті басшысы Руслан Кенжебеков ұн және нан өндірушілері: «Сарыарқа Нан Қарағанды» ЖШС, «Карағанды-Нан Трейд» ЖШС, «Корпорация Карағанды-нан» ЖШС, «Жданюк» ЖК, «Эталон LTD» ЖШС, «Orkendeu LTD» ЖШС, «Ақ Нұра ХПП» ЖШС, «Атамекен Компани» ЖШС, «Карагандинский мелькомбинат» ЖШС, «Дамир АА» ЖШС, «Мутлу Экспорт» ЖШС, «Ақ-Жан Нан» ЖШС, «Best Mill» ЖШС, «Сункар и Компания» ЖШС, «Metal noble» ЖШС, «Сарыарқа-ұн» ЖШС, «Компания Сет» ЖШС, «Олива» ЖШС, «Самади-2030» ЖШС, «Мука Трейд» ЖШС, «Ақжайық 2011» ЖШС, «GrainExport-NS» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді өндірушілермен баға белгілеу мәселелері талқыланды.
Сол күні Руслан Кенжебеков аймақта мырышталған арматура, қадалар, профлист өндірушілері мен көтерме өткізушілер «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Тритон» ЖШС, «КМК Профиль» ЖШС, «KMK Trade Company» ЖШС, «Карагандастройконструкция» ЖШС, «СК Завод ЖБИ-5» ЖШС, «YDD CORPORATION» ЖШС өкілдерімен кездесті. Қатысушылар сондай-ақ құрылыс материалдары нарығындағы негізгі проблемаларды, қымбаттау себептері мен бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді талқылады.
Кеңес барысында монополияға қарсы департаменттің басшысы қатысушыларды монополияға қарсы органның сұрауларына уақытылы жауап беру қажеттілігі және жауап бермеген немесе толық емес жауап берген жағдайда жауапкершілік туралы хабардар етті. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормалары, кәсіпкерлердің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары түсіндірілді.