КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС АВТОӨНДІРУШІЛЕРГЕ ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАДЫ

КЕДЕРГІЛЕР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС АВТОӨНДІРУШІЛЕРГЕ ЛИЗИНГТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАРАЖАТЫН БӨЛУ КЕЗІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАРАДЫ

        Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті жанындағы Кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысында  барлық отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде лизингтік қаржыландыруға қатысты мәселе қаралды.

        Кеңес отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы және автоөндірушілер қатысты.

       Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысын өткізуге «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ барлық отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде лизингтік қаржыландыруға қатысты өтініші негіз болды. ҚР ИИДМ 22.11.2017 жылғы №807 бұйрығына сәйкес, «отандық автоөндірушілерді қаржыландыру үшін даму банкіне кейіннен кредит бере отырып, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ кредиттеу...» қаржылық-экономикалық негіздемесінде әрбір автоөндірушіге қаржыландыру лимиті Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) шешімімен айқындалады.

       Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері, оның ішінде нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру, бәсекелестермен салыстырғанда қызметтің қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайларын жасау болып танылады.

       Нарықта ҚАБҚ құрамына кірмейтін басқа субъектілер бар екенін ескерсек, автоөндірушілерді лизингтік қаржыландыру қаражатын объективті емес бөлу тәуекелі туындайды.

               Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірісті дамытуды ынталандыру үшін, автомобиль өндірушілер уәкілетті органмен өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасуға тиіс.

        Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 244-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жылына 10 000 бірлік арнайы техника өндірушілердің өндірістік қуатының болуы жөніндегі талап көзделген.

       Отандық автоөндірушілерге қолдау көрсету  және басқа да проблемалық мәселелерді «ҚазАвтоПром» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының құқықтық мәселелер жөніндегі директоры А.Серғалиев жеткізді.

      Отырыс қорытындысы бойынша, нарыққа кіру кедергілерін анықтау мақсатында кедергілер жөніндегі кеңестің жұмыс тобына осы мәселені жан-жақты пысықтап, оның ішінде уәкілетті органмен және басқа да мүдделі тараптармен талқылау туралы шешім қабылданды.