ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ӘМАТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ САТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ӘМАТ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ САТУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2021 жылы 11 тамызда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Кенжебеков әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) және құрылыс материалдарының өндірушілерімен бірқатар кездесу өткізді.

ӘМАТ (тауық жұмыртқасы, тауық еті, сиыр еті) өндірушілерімен және көтерме сатушыларымен кездесуге «Агрофирма Курма» ЖШС, «Карл Маркс атындағы ПФ» ЖШС, «Қарағанды Құс» ЖШС, «ПФ Акнар» ЖШС, «Қарағанды Нан компаниясы» ЖШС, «Экофуд Трэйд» ЖШС, «Карпродукт – 2030» ЖШС, «Казпродукт – 2030» ЖШС, «Кадомец» ЖК өкілдері қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы – әлеуметтік өнімдер нарығындағы баға белгілеу болды.

Өңірде құрылыс материалдарын өндірушілер мен көтерме саудада сатушылар: «CENTRAL ASIA CEMENT» АҚ, «ККК Бетон» ЖШС, «Бетон империясы» ЖШС, «ЖБИ Логистика» ЖШС, «Карагандастройконструкция» ЖШС, «ЖБИ Строй kz» ЖШС, «СК Завод ЖБИ-5» ЖШС, «Қарағанды Бетон» ЖШС, «Nord Пром НС» ЖШС, «Eckolit» ЖШС, «КазГазоБлок» ЖШС, «Прогресс 01» ЖШС өкілдерімен өткен кездесуде құрылыс материалдары нарығындағы негізгі мәселелер, бағаның өсу себептері мен бәсекелестіктің дамуына келтіріп жатқан кедергілер талқыланды.

ӘМАТ, құрылыс материалдарын өндірушілерімен және сатушылармен кездесу барысында монополияға қарсы департамент басшысы Руслан Кенжебеков бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын, кәсіпкерлердің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шараларын түсіндірді.