МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ «КҮТУ ПАРАҒЫ»

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ «КҮТУ ПАРАҒЫ»

Кедергілер жөніндегі кеңестің отырысында анықталған субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (САЖ) болған АӨК саласындағы бәсекелестікті шектеу мәселесі жойылды. Жергілікті бюджетте қаржыландыру болмаған кезде САЖ субсидиялар алуға өтінім беруге мүмкіндік бермеді, ал қаражат пайда болған кезде платформа қаражат таусылғанға дейін өтінімдерді қабылдай бастады, яғни іс жүзінде өтінімді бірінші болып бере алғандар субсидияларды алды.

БҚДА уәкілетті салалық органмен осы кедергіні жою бойынша бірлесіп атқарған жұмыс шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2021 жылы 13 шілдеде қолданыстағы қағидаларға "Күту парағын"енгізу бөлігінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енді, жергілікті бюджетте қаражат болмаған жағдайда, кәсіпкерлер өз бағыттары бойынша күту парағына енгізілетін болады және осы өтінімдерді ескере отырып, субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезек бойынша жүзеге асырылатын болады.

 

Сурет ашық көздерден алынды