ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕТОН ӨНДІРУШІСІНЕ АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕТОН ӨНДІРУШІСІНЕ АҚПАРАТ БЕРМЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бетон өндіруші «Ғимарат-Темірбетон» ЖШС Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы Департаментке заңнамада белгіленген мерзімде құрылыс материалдарын өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу шеңберінде сұратылған ақпаратты ұсынған жоқ. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган кәсіпорынға 1 050 120 теңге көлемінде айыппұл салды.

«Ғимарат-Темірбетон» ЖШС қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі бойынша әкімшілік айыппұлды төледі.

Монополияға қарсы департамент нарық субъектілерінің назарына ақпаратты ұсынбау не анық емес, жалған немесе толық емес көлемде ұсыну «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  162-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын жеткізеді.

Сурет ашық көздерден алынды