СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

СЫБАЙЛАС  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

2021 жылғы 5 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллиннің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.  Семинарда Департамент мамандары Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамаларының іске асырылу барысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тетіктер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту туралы хабардар етілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылатынын ерекше атап өтті.