
Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі –кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып айқындалды.
Осы бағыттағы жұмысты жүргізу шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасын әзірлеуге бастамашылық жасады.
Заң жобасы шеңберінде бірқатар нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына түзетулер енгізу көзделеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Электрондық қаржы орталығының деректеріне сәйкес, 2020 жылы жасалған мемлекеттік сатып алу шарттарының көлемі 5,8 трлн теңгені құрады, оның 2,3 трлн теңге (немесе 40 %) сомасына жасалған шарттар тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасалды.
Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына жүргізген талдау нәтижелері бойынша бәсекелес ортаға берілуі мүмкін шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың негізі белгіленді. Атап айтқанда, бұл "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 3-тармағының мынадай тармақшалары:
1) 2-тармақша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (2020 жылы 45 млрд теңге сомаға шарттар жасалды);
Осы сатып алуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тарифтер бойынша қызметтерді сатып алу жатады. Бұл ретте қазіргі уақытта табиғи және мемлекеттік монополиялардан бөлек, барлық тауар нарықтары бәсекелес ортаға берілген.
2) 37-тармақша мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған тұлғадан сатып алу (2020 жылы сатып алу жүргізілмеген);
3) 38-тармақша статистикалық байқаулар деректерін өңдеу бойынша қызметтерді сатып алу (2020 жылы 730 млн теңге сомаға шарттар жасалды);
Әлеуетті өнім берушілер арасында бәсекелестікті дамыту мақсатында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңынан осы негіздерді алып тастау ұсынылады. Бұл энергиямен-газбен жабдықтау сияқты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді және басқа да тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды бәсекелес ортаға шығаруға мүмкіндік береді.
Осы нормаларды заңнамадан алып тастаумен қатар бәсекелестікті дамыту жөніндегі заң жобасында бір көзден мемлекеттік сатып алудың жекелеген негіздерін қолдануды шектеу ұсынылады.
Атап айтқанда, БҚДА мемлекеттік органдардың сатып алуларының жылдық жоспарына алдын ала шығыстарға байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, көрме материалдарын, семинарлар мен конференцияларды, кеңестерді, формаларды, симпозиумдарды, тренингтерді тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алуды, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеуді енгізу ұсынады. Бұл мемлекеттік сатып алуды жоспарлауды жетілдіруге мүмкіндік береді және бюджет қаражатын неғұрлым тиімді және ұтымды жұмсауға ықпал ететін болады.
Түзетулер мемлекеттік органдардың квазимемлекеттік сектор субъектілерінен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуына да қатысты болады. Осы сатып алуды бәсекеге қабілетсіз тәсілмен өткізу монополияға қарсы органның қорытындысы болған кезде ғана мүмкін болады.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор қызметінің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ға баға белгілеу бөлігінде заң жобасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталына пайдаланғаны (қолжетімділігі) үшін әлеуетті өнім берушілер үшін оператор белгілейтін бағаларды монополияға қарсы органмен келісу ұсынылады.
Осылайша, бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу үлесін қысқарту арқылы сатып алу саласындағы бәсекелестікті арттыруға бағытталған нормаларды қабылдау бюджет қаражатын үнемдеуді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді ғана емес, сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік жеткізушілердің сатып алуға қатысу үлесін төмендету есебінен нарықтардың жаңа қатысушыларының пайда болуына ықпал ететін болады.
Қазіргі уақытта заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.
zakon.kz фотосы