ГАЗДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕР "ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ"АҚ АТФҚ-НЫҢ НЕГІЗСІЗ ТАЛАПТАРЫНА ШАҒЫМДАНАДЫ

ГАЗДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕР "ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ"АҚ АТФҚ-НЫҢ НЕГІЗСІЗ ТАЛАПТАРЫНА ШАҒЫМДАНАДЫ

Атырау облысы бойынша кедергілерді анықтау жөніндегі кеңестің кезекті отырысына тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелеріне қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлердің өтініштері себеп болды. Отырысқа уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ АтӨФ-ның өкілдері (бұдан әрі-Қоғам филиалы) және газдандыру саласындағы кәсіпкерлер қатысты.

Белгілі болғандай, газдандыру саласының кәсіпкерлері тапсырыс берушілердің атқарушылық-техникалық құжаттамасы бойынша құжаттарды газбен жабдықтау ұйымына тапсыру кезінде жиі қиындықтарға тап болады. Бұл жолы көптеген сұрақтарды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның газ тарату желілеріне жеке тұрғын үйлерді және ірі коммуналдық-тұрмыстық емес кәсіпорындарды (техникалық жағынан күрделі емес объектілерге жататын) қосу кезінде атқарушылық-техникалық құжаттама құрамында мердігер ұйымдар ұсынатын жаңа бекітілген құжаттар тізбесі (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) туғызып отыр.

Отырысқа қатысушылар құжаттар тізбесі бойынша талаптардың заңдылығын, атап айтқанда ЖАО-мен келісілген газдандыруға арналған эскиздік жобаны, меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісін (сәулет саласындағы жергілікті мемлекеттік органдарда тіркеу туралы белгімен) және үйішілік газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған келісімшартты  ұсыну талаптарын талқылады.

Сонымен қатар, отырыс барысында газбен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру үшін газдандырылатын объектіге (тұрғын үйге) техникалық паспорт талап ету орындылығы мәселесі туындады, алайда  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңына сәйкес жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жүзеге асырылмайды және техникалық паспорт ресімделмейді делінген.

Отырыс қорытындысы бойынша тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелеріне қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығының кәсіпкерлері үшін барлық қосымша кедергілерді алып тастау мақсатында Кедергілер жөніндегі кеңес бәсекелестікті шектейтін нормалардан тұратын газдандыру, сәулет және қала құрылысы, құрылыс қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс берді.