
2021 жылғы 9 шілдеде Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган салалық мемлекеттік органдардың, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының (Даму), «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының және екінші деңгейдегі банктердің өкілдерімен Open Space форматында отырыс өткізіп, онда қатысушылар"Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (Бағдарлама) қатысушылар үшін Даму тарапынан субсидиялар төлеу кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.
Қатысушылар бағдарламаға қатысушылар үшін субсидиялар беру рәсіміне қатысты, Даму тарапынан сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу, атап айтқанда, мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін бағдарламаға қатысушылар қандай жағдайларда төлейтіні туралы мәселені көтерді. Көрсетілген мәселелер бойынша Даму өкілі тарапынан түсініктемелер берілді
Сонымен қатар, Даму тарапынан бағдарламаға қатысушыларға субсидия төлеуді кешіктіру себептері мен мысалдары айтылды. Атап айтқанда, қарызды ішінара өтеу, қарызды қайта құрылымдау себептеріне байланысты және 90 күнге мерзімін кешіктіруге байланысты субсидия алуды тоқтату жағдайлары.
Атырау облысы бойынша монополияға қарсы орган барлық бизнес қауымдастық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды бәсекелестік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге белсенді қатысуға және бәсекелестіктің дамуына үлес қосуға шақырады. Ашық талқылау форматындағы Open Space-те әр жұма сайын сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін онлайн-режимде жосықсыз бәсекелестік, тауар нарығына енуге шектеулер, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар, нарық субъектілерінің заңды құқықтарын бұзу және өзге де бәсекелестікті шектеуге байланысты өзекті мәселелер талқыланады.
Келесі талқылауға арналған тақырыптар және жоспарланған іс-шаралар Департаменттің instagram: dаzrk_atyrau парақшасында, Атырау облысы бойынша ҚР Монополияға қарсы орган - Facebook парақшасында орналастырылады.
Ұсыныстар dazrk_atyrau@azrk.gov.kz электрондық поштасы және тел: 27-01-80, 27-01-14, 27-01-29 арқылы қабылданады.
Сурет ашық көздерден алынды