
СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (АШБ) тауық жұмыртқасы өндірісін арзандату үшін субсидияларды біркелкі бөлмеуге қатысты монополияға қарсы өңірлік Департаменттің хабарламасын орындады.
Хабарламаны шығаруға тауық жұмыртқаларын өндірушілердің тауық жұмыртқаларын өндіру құнын арзандатуға арналған субсидияларды өңірлер бойынша тең бөлмегені туралы БҚДА-ға өтініші негіз болды. Қарау қорытындысы бойынша СҚО монополияға қарсы департаменті облыста субсидияларды бөлу кезінде барлық мүдделі нарық субъектілерінің құқықтары ескерілмегеніне қатысты АШБ әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу белгілерін көрді, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында бәсекелестікті шектеуге әкеп соғады.
СҚО бойынша ҚРҮД Кәсіпкерлік кодекстің 194-бабында көзделген субсидияларды әркелкі бөлу бөлігінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарды. Заңда белгіленген мерзімдерде хабарлама талаптары назарға алынды және субсидиялар сомаларын кейіннен бөлу кезінде ескерілетін болады.
Сурет ашық көздерден алынды