ЕЛОРДАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУШЫЛАР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫН САЛУШЫЛАР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті тұрғын үйді өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу шеңберінде «Брокер и К» ЖШС, «Мегастрой лтд» ЖШС және «AS Parking» ЖШС-нің (бұдан әрі-Серіктестіктер) атына белгіленген мерзімде ақпарат ұсыну туралы тиісті сұрау хаттар жіберді.

Алайда, Серіктестіктердің сұраған ақпаратты уақытылы ұсынбауына байланысты Департамент оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Серіктестіктер шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынына байланысты айыппұл сомасы 816 760 теңгені құрады.

Серіктестіктер әкімшілік айыппұлды қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі бойынша көрсетілген соманың 50 пайызын төледі.

Сонымен қатар, Департамент нарық субъектілерінің назарына ақпаратты ұсынбау не ақпаратты белгіленген мерзімде толық емес көлемде ұсыну, анық емес және (немесе) жалған ақпарат беру Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 162-бабымен қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке алып келетінін жеткізеді.

Сурет ашық көздерден алынған