ТЕМІРЖОЛ СТАНЦИЯСАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫЛАНДЫ

ТЕМІРЖОЛ СТАНЦИЯСАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті теміржол станцияларында жүкті қайта тиеу бойынша нарық субъектілерімен және Дружба көлік прокуратурасымен бірлесіп "Open Space" алаңы шеңберінде станцияларда вагондарды беру-алу нарығында бәсекелестікті шектеу мәселелерін және кірме теміржолдарда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтарды талқылады.

Монополияға қарсы департамент қызметкерлері вагондарды беру-алу нарығындағы бәсекелестікті шектеу мәселелерін түсіндірді. Мысал ретінде, Дружба көлік прокуратурасы мен Департаменттің анықтаған "ҚТЖ БП" ЖШС - "Алматы БП бөлімшесі" жіберген бұзушылық келтірілген, онда серіктестік кірме темір жолдарда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтарда көрсетілген шарттарды сақтамаған, бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 10-тармағын бұзу болып табылады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің "Open Space" ашық коммуникациялық алаңы Мемлекет басшысының "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылды. Апта сайын жұма күндері департамент қызметкерлері онлайн және оффлайн режимінде мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алуға қолжетімділікті шектеуге, субсидиялау мен бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетудің тең емес шарттарына, монополистер желілеріне қосудан және энергия ресурстарын сатудан негізсіз бас тартуға, қызмет операторлары тарапынан тұтынушылардың құқықтарын бұзуға және бәсекелестіктің басқа да шектеулеріне байланысты тауар нарықтарына қатысушылардың ұсыныстарын, мәселелерін, проблемалары мен шағымдарын қарайды.

Департамент бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook – Instagram-дағы @Dazrk_po_alm_obl, Facebook-тегі - @Dazrk_alm_obl парақшаларында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61

Сурет ашық көздерден алынды