ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ НАРЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНА БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАДЫ

Жамбыл облысы бойынша Монополияға қарсы орган дизель отынын бөлшек саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізген талдау нәтижесінде бірқатар нарық субъектілерінің, оның ішінде «Эврика нефтепродукт», «Бизнес Ойл», «Тараз VIP Сервис», «ТаразПетрол Сервис» ЖШС және «Нуров М», «Мухиев Д»- жеке кәсіпкерлері дизель отынының бағасын белгілеу және ұстап тұруға қатысты іс-әрекеттеріне жол бергені анықталды. Аталған нарық субъектілеріне қатысты дизель отынына бағаларды төмендету жолымен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарламалар жолданды.

Қазіргі таңда, жоғарыда аталған нарық субъектілері монополияға қарсы органның талаптарын орындап, дизель отынының бағасын «Бизнес Ойл», «Эврика нефтепродукты» ЖШС литріне 5 теңгеге (195 теңгеден 190 теңгеге дейін), «Тараз Петрол Сервис» ЖШС литріне 4 теңгеге (199 теңгеден 195 теңгеге дейін), «Тараз VIP Сервис» ЖШС литріне 1 теңгеге (199 теңгеден 198 теңгеге) «Нуров» ЖК - 5 теңгеге (195 теңгеден 190 теңгеге дейін), «Мухиев» ЖК 4 теңгеге төмендетті (199 теңгеден 195 теңгеге дейін) төмендетті.

Сурет ашық көздерден алынды