МИР СТЕКЛА ЖШС ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

МИР СТЕКЛА ЖШС ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілеттілігі шеңберінде 2020 жыл және 2021 жылдың 5 айы кезеңінде табақ шыны (М1 4мм 2600*1800мм) көтерме сату нарығына талдау жүргізілді.

Табақ шыныны (М1 4мм 2600*1800мм) көтерме саудада сату нарығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша «Мир Стекла» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде 2021 жылдың 5 айы ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын, әртүрлі бағаларды қолдануға қатысты бұзушылық белгілері анықталды.

Департамент монополиялық жағдайды теріс пайдалану бөлігінде анықталған белгілердің негізінде, атап айтқанда, нарық субъектілерімен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келісімдерге объективті түрде ақталмаған себептермен әртүрлі бағаларды не әртүрлі шарттарды қолдану негізінде, «Мир Стекла» ЖШС атына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін бұзушылықтарды жою туралы хабарлама енгізді.

Бүгінгі күні хабарлама орындалды. «Мир Стекла» ЖШС әртүрлі бағаларды қолдануға жол бермеуге міндеттеледі.

Сурет ашық көздерден алынды