
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылы 14 шілдеде Сыбайлас жемқорлық агентігі Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Асқар Садыковпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өткізді.
Семинар барысында алдын алу шараларын қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Қызметкерлерге Агенттік департаменті іске асырып жатқан «Жетісу адалдық алаңы» жобалары, «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» платформасының мүмкіндіктері, ISO 37001 платформасы, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру жаңа жүйесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы ақпарат берілді.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетіліп, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.