АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ КҮНБАҒЫС МАЙЫН КӨТЕРМЕ-БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДЕЛДАЛДЫ ЖОЙДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ КҮНБАҒЫС МАЙЫН КӨТЕРМЕ-БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ НАРЫҒЫНДАҒЫ ДЕЛДАЛДЫ ЖОЙДЫ

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Ақтөбе Фудс" ЖШС-не қатысты оның әрекеттерінде күнбағыс майын көтерме саудада сату нарығында басым жағдайды теріс пайдалану фактілерінің болу не болмауын анықтау бойынша тергеу жүргізді.

Тергеу барысында өндірушінің күнбағыс майын Ақтөбе қаласындағы ірі сауда желілеріне тікелей жеткізу үшін шартқа отырудан бас тартқаны анықталды.

Тікелей жеткізуден бас тартуын экономикалық мақсатқа сәйкес күнбағыс майын сату дистрибьюторлар арқылы жүзеге асырылатындығымен түсіндірді, өндіруші ірі сауда желілерінің делдалдарды айналып өту арқылы күнбағыс майын жеткізу туралы жазбаша сұраныстарын  елемеген.

Тексеру нәтижесі бойынша күнбағыс майын өндірушінің атына бұзушылықтарды жою туралы хаттама шығарылды. Хаттама орындалды.

Бұдан басқа, өндіруші бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұдан былай бұзуға жол бермеу жөніндегі міндеттемелерді қабылдауды көздейтін монополияға қарсы комплаенске өзі бастамашылық етті және оған қол қойды.

Сурет ашық көздерден алынды