BAZIS-А ЖӘНЕ РАМС-ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ВЕДОМСТВОНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАДЫ

BAZIS-А ЖӘНЕ РАМС-ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАРДАҒЫ БАҒАНЫ ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ВЕДОМСТВОНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде бірқатар компаниялардың, оның ішінде "BAZIS-A", "Bi-Holding" холдингтері, "РАМС-Қазақстан" компаниясының іс-әрекеттерінде тұрғын үй бағаларын келісіп белгілеу және ұстап тұру белгілерін анықтады.

Осы компаниялардың атына бастапқы деңгейлі тұрғын үй бағасын төмендету арқылы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді. Қазіргі уақытта "РАМС-Қазақстан" компаниялар тобы монополияға қарсы органның талаптарын орындап, Алматыда бірқатар тұрғын үй кешендерінің бағасын шаршы метріне 15% - ға немесе 90 мың теңгеге дейін төмендететіндері туралы мәлімдеді.

–  "Ламия" 545 мыңнан 463 мыңға дейін.

–  "Форум резиденс" 571 мыңнан 485 мыңға дейін.

–  "Ортау" 601 мыңнан 511 мыңға дейін.

–  "Номад" 492 мыңнан 418 мыңға дейін.

– "Номад 2" 460 мыңнан 391 мыңға дейін.

–  "Навои 3.0" 453 мыңнан 385 мыңға дейін

–  "Рамс сити" 528 мыңнан 448 мыңға дейін.

"BAZIS-A" компаниясы тарапынан да Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінде бір шаршы метр бағасы 20 мың теңгеге дейін төмендетілді.

– "Акварель" 425 мыңнан 410 мыңға дейін.

– "ДЖАЗЗ" 475 - 449 мыңнан 460 - 434 мыңға дейін.

– "Легенда" 650 мыңнан 630 мыңға дейін.

– "Rivera" 555 - 483 мыңнан 540 - 468 мыңға дейін.

– "Алмалы" 347 мыңнан 338 мыңға дейін.

– "Ремизовка" 605 мыңнан 585 мыңға дейін.

Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады.

Бұған дейін монополияға қарсы органның талабы бойынша Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Қостанай қалаларында құрылыс салушылар бағаларды орта есеппен 15-20%-ға төмендетті. Шымкент қаласында ("DOSTYK INVEST GROUP"  ЖШС) 330 мың теңгеден 270 мың теңгеге дейін, ("Отау групп" ЖШС) бағаны шаршы метріне 300-ден 270 мың теңгеге дейін, Қарағанды қаласында ("PROF INVEST" ЖШС) 300 мың теңгеден 279 мың теңгеге дейін, Өскемен қаласында ("Достар май" ЖШС) тұрғын үй объектісінің жайлылығы мен қабаттына байланысты 350 мың теңгеден 220-280 мың теңгеге дейін, Қостанай қаласында ("БК - Строй" ЖШС) 245-230 мың теңгеге дейін төмендетті.

Сурет ашық көздерден алынды