
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) атына "Қарағанды облысының құрылыс салушылар қауымдастығы" жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің металлопрокаттың құнының өсуіне қатысты өтініші келіп түсті.
Бұл өтінішті қарау аясында Департамент "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға металлопрокат бағасының көтерілу себебіне қатысты сауалдар жолдады.
Жолданған сауалға қатыты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ толық ақпарат берген жоқ. Толық және тиянақты ақпарат берілмеуіне байланысты, Департамент "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.
Іс материалдары "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өтінішхаты негізінде Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Сонымен қатар, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ хаттаманың заңсыздығына шағым түсірді.
07.06.2021 ж. Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұйғарымымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның хаттама шығаруға қатысты шағымы бойынша сот қаулысы шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін тоқтатылды.
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 16.06.2021 ж. № 3583-21-00-3ж/27 қаулысымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 2021 жылғы 12 мамырдағы № 4 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы негізсіз және заңсыз толтырылған хаттаманың күшін жою туралы шағымы ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша қанағаттандырылмады.
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2021 жылғы 16 маусымдағы № 3583-21-00-3ж/27 қаулысына апелляциялық шағым берілді.
07.07.2021 ж. Қарағанды облыстық сотының қаулысымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады, Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 16.06.2021 ж. № 3583-21-00-3ж/27 қаулысы күшінде қалды.
Сурет ашық көздерден алынды