ШЫМКЕНТ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ЦЕМЕНТ ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ НАРЫҒЫНДА БАҒАНЫ КЕЛІСІП БЕЛГІЛЕУ ФАКТІСІН АНЫҚТАДЫ

ШЫМКЕНТ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ ЦЕМЕНТ ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ НАРЫҒЫНДА БАҒАНЫ КЕЛІСІП БЕЛГІЛЕУ  ФАКТІСІН АНЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша  департаменті цементті өндіру және өткізу нарығында жүргізген талдау нәтижесінде  бірқатар компанияның монополияға қарсы заңнаманы бұзып, бағаны белгілеуде өзара сөз байласқаны анықталды.

Анықталған факті негізінде департамент цементті өндіруші зауыттар «Стандарт цемент» ЖШС, «Шымкент цемент» АҚ адресіне бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекет белгілерін жою туралы хабарламалар шығарды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады.

Сурет ашық көздерден алынды