ЖЖМ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

ЖЖМ НАРЫҒЫНДАҒЫ  ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ

        2021 жылы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қалалық  экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп  ресурс ЖЖМ тапшылығы мен баға белгіленіміне байланысты мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстел  өткізді.

            Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, "ПКОП" ЖШС, "Ынтымақ" қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ ЖЖМ-ны көтерме және бөлшек сауда сатушылары қатысты. Қатысушылар дөңгелек үстел басында ЖЖМ нарығындағы өзекті мәселелер және бағаның өсуіне жол бермеу жолын шешу талқыланды. Қатысушыларға монополияға қарсы заңнаманың нормалары, адал бәсекелестіктің артықшылықтары түсіндірілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар  ЖЖМ тапшылығын жою бойынша ұсыныстар әзірледі.