
Ақтөбе облысындағы «KeruenСity» сауда ойын-сауық орталығының әрекеттерінде жөн-жосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды.
Онлайн-кассаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкердің шағымын қарау нәтижелері бойынша "KeruenCity" өкілдері жалға алушыларға бутикке онлайн-касса орнату және оған қызмет көрсетуге қосымша келісім жасасу қажеттігі туралы хаттар жібергені анықталды, ал бұл қызметтерді басқа компания көрсеткен болатын.
"KeruenCity" сауда орталығының іс-әрекеттерінде жалға алушылардың құқықтарына қысым жасайтын және мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сәйкес мәміле нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды белгілеуге бағытталған жөн-жоосықсыз бәсекелестік белгілері анықталды.
"KeruenCity" сауда орталығына қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы хабарлама шығарылды.
Хабарлама 30 күнтізбелік күн ішінде орындалуы керек, хабарлама орындалмаған жағдайда тергеу тағайындалады.
Сурет ашық көздерден алынды