
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті "Миденко" ЖК атына тұтынушылар олардың қызметтерінен бас тартқан жағдайда Екібастұздың домофон кәсіпорындарының домофон жүйесіне қызмет көрсету бойынша төлемдерді есептеу және ұсыну заңдылығына қатысты хабарлама шығарды.
Анықталғандай, тұрғындардың тапсырысы богйынша басқа компанияның ("Ваш домофон Екібастұз" ЖШС), домофон жүйесінің жаңа жабдығын орнатқан күннен кейін де "Миденко" ЖК тұрғындарға есеп-шот ұсынуды жалғастырған. Соның салдарынан, тұрғындардың атына екі бәсекелес ұйымнан – іс қызмет көрсетуді тоттатқан "Миденко" ЖК-дан және шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кіріскен "Сіздің домофон Екібастұз" ЖШС-дан төлемге шоттар түсе бастады.
Осылайша, "Миденко" ЖК бәсекелеспен шартты бұзуға шақырған әрекеті жөн-жосықсыз бәсекелестік белгілеріне жатады.
Қазіргі уақытта "Миденко" ЖК бұзушылықтарды жойып, монополияға қарсы департаменттің хабарламасын толық көлемде орындады.
Сурет ашық көздерден алынды