
«ГазОйлПром» ЖШС және «Тұмар Мұнай» ЖШС автожанармай құю станциялары Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің жөн-жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша заңбұзушылықты тоқтату туралы хабарламаны орындады, бұл заңбұзушылық «ГазОйлПром» ЖШС және «Тұмар Мұнай» ЖШС станцияларында АИ-92 және АИ-95 маркалы ресейлік өндірісінің бензиндері болмаған кезде олар отандық бензинді ресейлік бензин ретінде сату іс-әрекеттерінде көрінді.
Хабарламалар сөрелер мен отын құю колонкаларындағы сәйкессіздіктерді жою арқылы орындалды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қарағанды облысы бойынша монополияға қарсы департаментіне «ГазОйлПром» ЖШС және «Тұмар Мұнай» ЖШС тарапынан жіберілген бұзушылықтарға қатысты Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жүгінді. Қарағандының монополияға қарсы қызметкерлері жүргізген тексеру қорытындысы бойынша бұл фактілер расталды. Осы автожанармай құю станцияларына жөн-жосықсыз бәсекелестік фактілері бойынша заңбұзушылықтарды тоқтату туралы хабарламалар жіберілді.
Бұл туралы мына сілтеме бойынша жарияланған
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/205978?lang=ru
Сурет ашық көздерден алынды