АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

     

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің тергеу нәтижелері бойынша "Aqtobe su-energy group" АҚ жөн-жосықсыз бәсекеге түскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық кәсіпорын 2020 жылдың тамызынан бастап жылу жүйелеріне гидравликалық сынақтар жүргізуге және осы жұмыстарды жүргізуге басқа ұйымдарды тартуға рұқсат етілмейтіні туралы хабарламалар жіберіп, көпшілікке жүретін жерлерге ақпарат орналастырып адамдарды алдау арқылы адастырды. Бұл қызметтер бәсекелестік орта иелігінде және тұтынушы дербес немесе үшінші тараптарды тарта отырып жылу жүйелеріне гидравликалық сынақтар жүргізуге құқылы.

Тергеу нәтижелері бойынша "Aqtobesu-energygroup" АҚ іс әрекеттері бәсекелестікте заңға қайшы артықшылықтарға қолжеткізуге бағытталғаны анықталды, бұл тұтынушылардың басқа қызмет көрсетушілермен шарттық қатынастар орнатудан бас тартуына әкелді.

Тергеу нәтижесімен келіспеген "Aqtobe su-energy group " АҚ Ақтөбе облысының сот органдарында монополияға қарсы органның іс-әрекетіне шағым түсірді.

Өңірдің апелляциялық сотының инстанциясымен ұзаққа созылған сот процестерінен кейін Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаменттің тергеу нәтижелері заңды және негізді деп танылды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Aqtobe su-energy group " АҚ 4 375 500 теңге сомасында айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әкімшілік соттың қаулысы күшіне енген жоқ.

Сурет ашық көздерден алынды