ТРАНСҰЛТТЫҚ КАРТЕЛЬДЕР ТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ВЕДОМСТВОЛАРЫН БІРЛЕСІП ҮЙЛЕСТІРУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

ТРАНСҰЛТТЫҚ КАРТЕЛЬДЕР ТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ВЕДОМСТВОЛАРЫН БІРЛЕСІП ҮЙЛЕСТІРУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин 7 шілде күні ЮНКТАД ұйымдастырған бәсекелестік саласындағы заңнама және саясат жөніндегі Үкіметаралық сарапшылар тобының XIX сессиясында сөз сөйледі. Қазақстанның монополияға қарсы ведомствосының басшысы екі трансшекаралық картель – қазақстандық мамандардың Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп тергеген Дельрус компаниясын және  NF PHARMA бойынша анықталған ел деңгейінде сөз байласу кейстерін  ұсынды.

Серік Жұманғарин өз сөзінде атап өткендей, ЕАЭО-дағы ЕЭК ұлттық органдардан  жоғары басқару органы мәртебесіне ие, оған 5 елдің монополияға қарсы органдары бәсекелестік, сонымен қатар трансшекаралық нарықта тергеу жүргізу  өкілеттіктерін берді.

Дельрус компаниясы бойынша трансшекаралық картель кейсі Қазақстанда 2017 жылы маусымда Ресейлік Дельрус Қазақстан аумағында эксклюзивті дистрибьютер Дельрус болып табылатынын алға тартып бауырдың ультрадыбыстық диагностикасына арналған аппарат fibroscan-ға датчиктерді калибрлеу қызметін ұсынудан бас тартқанына шағымданған қазақстандық Scuderia компаниясының өтінішінен кейін басталды.

Бағаларды салыстыру қазақстандық Delrus жеткізушісінде ультрадыбыстық датчикті калибрлеу қызметінің құны ресейлік жеткізушіге қарағанда 2,5 есе қымбат екенін көрсетті. Бұл ретте fibroscan аппаратына техникалық қызмет көрсетуді жүргізу құқығын иеленген француздық Echosens компаниясы болды, ол Дельрус компаниясымен эксклюзивті дистрибьюторлық келісімдер жасаған.

Өтінішті қарау кезінде Қазақстанның монополияға қарсы органы датчиктерді калибрлеу қызметтерінің тауар нарығын аумақтық қағидат бойынша бөлу жолымен Дельрус (RUS) және ҚР Дельрус (KAZ) арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдердің белгілерін анықтады.

Бұзушылық белгілерінің трансшекаралық нарықтарда - Ресей мен Қазақстан аумақтарында анықталғанын ескере отырып, материал ЕЭК - ке берілді, ол тергеп-тексеруді аяқтады және Дельрус (KAZ) пен Дельрус (Rus) арасындағы бәсекелестікке қарсы келісім фактісін анықтады. Қазіргі уақытта сот талқылаулары жүріп жатыр.

Серік Жұманғарин сондай-ақ халықаралық конференцияға қатысушыларға NF PHARMA кейсін ұсынды, ол бойынша қазақстандық монополияға қарсы орган қызметкерлері 2021 жылы ел деңгейінде сөз байласуды анықтады. Қазіргі уақытта бұл істің материалдары Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына берілді.

Сөз соңында Серік Жұманғарин Ресей ФМҚҚ-ның (ФАС) картельдер бойынша халықаралық келісім жасасу жөніндегі бастамасын қолдап, монополияға қарсы органдар осы бағыттағы жұмысты бірлесіп үйлестіруі тиіс екенін атап өтті.