ШҚО-ДА БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025 БОЙЫНША ГРАНТТАРДЫ БӨЛУГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ ШЕКТЕУЛЕР ҚОЙЫЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШҚО-ДА БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2025 БОЙЫНША ГРАНТТАРДЫ БӨЛУГЕ ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕ ЗАҢСЫЗ ШЕКТЕУЛЕР ҚОЙЫЛҒАНЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШҚО бойынша монополияға қарсы  департаменті Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Жергілікті кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін гранттар алуға арналған конкурсқа қатысуды шектеуге қатысты әрекеттеріне шағымын қарады.  

Белгілі болғандай, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беруге конкурс жарияланғанда басқарма қағазбен өтініш беруге заңсыз тыйым салып, өтініштерді тек қана «Қолдау» жүйесі арқылы қабылдаған. Бұл әрекеттері арқылы басқарма кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігін бұзды, соның салдарынан конкурстың әлеуетті қатысушыларының шеңбері тарылды.

Анықталған бәсекеге қарсы фактілер негізінде және ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес Басқармаға олардың іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бар екені және оны жою қажеттігі туралы  ескерту жіберілді. Ескерту орындалу үстінде. 

Сурет ашық көздерден алынды