
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестің кезекті отырысында байланыс операторларының кабельдік кәрізін пайдалануға қолжетімділігін шектеу сұрағы қаралды.
Павлодар облысындағы кәбілдік кәріздің негізгі бөлігі «Қазақтелеком»АҚ балансында және пайдалануында. Бұл ретте, басқа телекоммуникациялық операторлар өздерінің байланыс желілерін төсеу үшін кабельдік кәрізге қол жеткізуде қиындықтарға тап болады, сондықтан тұтынушыларға өз өнімдерін ұсына алмайды, бұл өз кезегінде телекоммуникациялық қызмет жеткізушісін таңдауды шектейді.
Осы жүйе бизнестің жаңа, негізінен цифрлық түрлерін дамытуды немесе қолданыстағы түрлерін масштабтауды қиындатады. Мемлекеттік қаражат есебінен салынған телекоммуникация желілері, атап айтқанда телефон (кәбілдік) кәрізі оны одан әрі пайдалану үшін «Қазақтелеком» АҚ балансына беріледі. Осы жағдайларда басқа операторлар кәбілдік кәріздің енгізілген және жаңадан енгізілетін объектілерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету бөлігінде тең емес жағдайдаға қойылған.
Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру тәртібі ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы №120 бұйрығымен бекітілген Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларында айқындалған.
Осы мәселені шешу үшін Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері көрсетілген Қағидаларға ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешеніне енгізуді көздейтін қосымша нормаларды енгізу туралы ұсыныстар әзірледі:
- бюджет қаражаты есебінен салынған кәбілдік кәріз объектілерін пайдалануға беруге конкурс өткізу міндеті;
- мемлекеттік органның (ұйымның) ресми интернет-ресурсында бюджет қаражаты есебінен салынған және (немесе) салынып жатқан, сондай-ақ пайдалануға берілген және (немесе) пайдалануға берілетін кәбілдік кәріз объектілері (орналасқан жері, ұзандығы және т.б.) туралы ақпаратты, конкурстық құжаттаманың мазмұны туралы шарттар мен мәліметтерді көрсете отырып, кәбілдік кәріз объектілерін пайдалануға беру туралы конкурстар өткізу жоспарын орналастыру (күні бұрын) міндеті.
Ұсынылған өзгерістер кабельдік кәріз объектісін пайдалануға ниет білдірген барлық операторларға тең көзқарас қағидасын сақтай отырып, мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің ашықтығын күшейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ басқа операторлардың дамуы үшін жағдай жасайды.
Кедергілер жөніндегі кеңес мүшелері отырыс қорытындысы бойынша Республикалық кедергілер картасына енгізу үшін тиісінше ұсыныстарды жолдау туралы шешім қабылдады.
Сурет ашық көздерден алынды