
2021 жылдың 5-6 шілдесінде Мәскеуде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мен төрағаның орынбасары Марат Омаров Ресей Федералдық монополияға қарсы қызметінің басшысы Максим Шаскольскиймен және БРИКС халықаралық бәсекелестік құқығы және саясат орталығының директоры Алексей Ивановпен кездесті. Кездесулер өте мазмұнды өтті: тараптар Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы ведомстволарының ынтымақтастық бағыттарын, сонымен қоса, ЮНКТАД қызметіне қатысу шеңберінде екі елдің нарықтарына қатысты экономикалық шоғырланудың жаһандық келісімдерін қарау және екі мемлекет үшін маңызды бәсекелестікті қорғау мен дамыту саласындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
АЗРК, ФАС және БРИКС халықаралық орталығының басшылары осы жылдың қараша айында Legal Tech және Reg Tech саласында цифрлық шешімдер әзірлеу үшін қазақстандық IT-компаниялар арасында конкурс өткізуге келісті. Сонымен қатар, Қазақстанда БРИКС халықаралық бәсекелестік құқық және саясат орталығының филиалын ашу туралы шешім қабылданды.