БҚДА ӨКІЛДЕРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

БҚДА ӨКІЛДЕРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ANTIKOR ORTALYGY АЛАҢЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысы Ахметжанов Саян Қылышұлы Маңғыстау облысына іссапармен барды.

Іссапар шеңберінде, Агенттіктің аппарат басшысының қатысуымен «Antikor Ortalygy» алаңында өңірдің құқық қорғау органдарымен кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты - Мемлекет басшысының  бәсекелестікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы Жарлығын сапалы жүзеге асыру болып табылады.

Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға облыс әкімінің орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, Мемлекеттік қызмет істері департаменті, экономикалық тергеу департаменті, облыс прокуратурасы, полиция департаментінің басшылары, судьялар және өңірлік Кедергілер кеңесінің төрағасы қатысты.

С. Ахметжанов бәсекелестікті дамытудың жаңа қадамдары аясында Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша Агенттікпен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті.

Баяндамашы әсіресе, электр энергия, жолаушылар тасымалы, дәрі-дәрмек нарықтарын дамытуды, сондай-ақ Краудсорсингтік алаңдарды және мемлекеттің экономикадағы рөлі жөнінде айтып, цифрлық экономиканы реттеумен биржалық сауданы дамыту қажеттегін атап өтті.

Өз кезегінде, Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Есенов өңірдегі нарық жағдайлары және монополияға қарсы органмен қабылданған шаралар туралы баяндама жасады.

Жиын соңында, құқық қорғау органдарының басшылығы, судьялар және әкім орынбасары Президент тапсырмасы аясында Монополияға қарсы органмен бірлесіп жұмыс жасауға әзірлік танытып, өз ұсыныстарын білдірді.

Қатысушылар көкейінде тұрған сауалдарын қойып, мардымды жауаптарын алды.