
Бұл ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі қызмет бағыттары. Бұл туралы кеше Департамент басшысы Наталья Петрова AntikorLIVE алаңында тікелей эфирде айтты. Адал бәсекелестікті дамытуға ықпал ету, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын болдырмау, анықтау, тергеу және жолын кесу, бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануы мен монополиясыздандырылуына мемлекеттік бақылау аймақ Департаменттің негізгі міндеттері.
2020 жылдың қазан айынан бастап Монополияға қарсы департамент негізінде «Open Space» форматындағы ашық платформа жұмыс істейді. Аймақтағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға бизнес қауымдастықтың өкілдері, сарапшылар мен тұтынушылар шақырылады.
Шығыс Қазақстан облысында аймақтық тосқауылдар кеңсесі құрылды, оның отырыстарында ай сайын Шығыс Қазақстан облысында бәсекелестіктің дамуына кедергі болатын тосқауылдар көтеріліп, талқыланады. Ең өткір және өзектілері Агенттіктің Кедергілер картасына енгізіліп оларды одан әрі жою үшін уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге жұмыс атқарады. Департамент құрылғаннан кезден Кедергілер жөніндегі аймақтық кеңестің 8 отырысы, «Open Space» форматында 21 іс-шара өткізілді.
Департамент өз жұмысында soft law қағидаларын белсенді қолданады. «Open Space»-те талқыланған мәселелердің нәтижесінде 14 монополияға қарсы комплаенстер жасалды, оның шеңберінде медициналық маскалар, ПТР анализі және ковидке қарсы дәрілердің бағасы төмендетілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылады. Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарды бекітіп, өз қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Ай сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды сақтау, мемлекеттік қызмет және әдеп мәселелері бойынша жиналыстар өткізіледі.
Монополияға қарсы органның қызметкерлері монополияға қарсы сәйкестік актілерін, ашық баға механизмін анықтауға және тауарлардың сату кемсітусіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған сауда-сату саясатын әзірлеуге құқықтық және консультациялық көмек көрсетуге әрқашан дайын.