ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮШ КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫН МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ХАБАРЛАМАСЫНАН КЕЙІН ТӨМЕНДЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҮШ КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ БАҒАСЫН МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ХАБАРЛАМАСЫНАН КЕЙІН ТӨМЕНДЕТТІ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан облысындағы құрылыс материалдар сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне мониторинг жүргізді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес құрылыс материалдарын сату бағаларын белгілеу және (немесе) ұстап тұру бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Осының негізінде монополияға қарсы департаменттің «Батсу-Водоканал» ЖШС, «Агро-5» ЖШС, «Бекбулатов» ЖК, «Малдыбеков» ЖК, «Ленгер кыш» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің болуы туралы хабарламалар шығарды.

Қазіргі уақытта үш кәсіпорын хабарламаны орындады. Атап айтқанда, «Агро-5» ЖШС кірпіш бағасын 2,8%, «Бекбулатов» ЖК цемент көтерме сату бағасын (ПЦ ЦЕМ ІІ/А-Ш 32,5 Н, 50кг) 3,2%-ға және «Молдыбекова» ЖК цемент көтерме сату бағасын 3,2%-ға дейін төмендетті.

 Шығарылған хабарламалар Түркістан облысының монополияға қарсы департаменттің  бақылауында.

ашық көздерден алынған фотосурет