
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Central Asia Cement» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында көзделген бұзушылық белгілері бойынша түрлі бағамен цемент сатқаны үшін тергеп-тексеруді аяқтады.
«Central Asia Cement» АҚ тергеп-тексеру нәтижелерімен келіспей, Қарағанды облысының ауданаралық әкімшілік экономикалық сотына қорытындыны бекіту туралы Департаменттің бұйрығына шағым түсірді. 2021 жылғы 29 шілдеде Қарағанды облысының ауданаралық әкімшілік экономикалық сотының шешімімен «Central Asia Cement» АҚ талап-арыз талаптарын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартылды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Сурет ашық көздерден алынды