ӘКК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ АШЫҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАТТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ӘКК БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ АШЫҚТЫҚТЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАҒИДАТТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Атырау облысы бойынша Кедергілерді анықтау жөніндегі Кеңес отырысының кезекті талқылауында түрлі бағдарламалар мен инвестициялық жобаларға қатысу кезінде ӘКК қызметінің ашықтығы талқыланды.

Отырысқа уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, «Атырау ӘКК» АҚ-ның (бұдан әрі-ӘКК) өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

ӘКК оператор ретінде әртүрлі бағдарламаларға, оның ішінде "Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру" және "Көше саудасына арналған 100 орын" бағдарламаларына қатысады.

"Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру" бағдарламасы кезінде ӘКК кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру арқылы қаражат береді. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында 2020-2021 жылдарға жергілікті сауда желілері мен тауар өндірушілерге атап айтқанда "Идеал Маркет" ЖШС және "АгроФеликс" ШҚ қарсы міндеттемелерді орындай отырып айналым қаражатын толықтыру үшін қарыздар берілді.

Отырыста жергілікті сауда желілері мен тауар өндірушілерге айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз беру кезінде қарыз алушыны таңдау кезінде ӘКК іс-қимылының ашықтығы туралы мәселе және бағдарламаға екі және одан да көп әлеуетті кәсіпкерлік субъектілері қатысу үшін өтінім берген жағдайда Комиссия қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін айқындау туралы мәселе көтерілді.

Сондай-ақ, кеңесте "Көше саудасына арналған 100 орын"бағдарламасы шеңберінде учаскені алу кезінде жеңімпазды анықтаудың ашықтығы, сондай-ақ әр түрлі әлеуетті қатысушылардан бір жер учаскесіне бірнеше өтінім келіп түскен жағдайда қолданылатын рәсімдер мәселелері айтылды.

Сондай-ақ, ӘКК-нің әртүрлі инвестициялық жобаларға қатысуы кезінде, оның ішіндегі құралдарының бірі құрылысқа жер учаскелерін беруде бәсекелестік қағидатын қолдану туралы мәселелер талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша, Кедергілер жөніндегі кеңес қолданыстағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру кезінде ӘКК басшылыққа алатын қағидалар мен ережелерге бәсекелестік қағидаттарын сақтауға және ӘКК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге жол беретін өзгерістер енгізуді ұсынды.