КӨМІРДІ ЖАЗДА САТЫП АЛ

КӨМІРДІ ЖАЗДА САТЫП АЛ

           Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті аймақтық операторлар өкілдерімен көмір нарығында биржалық саудаларға қатысты кеңес өткізді.

            Аймақтық операторларға көмірді тікелей шахталардан сатып алу үшін тауар биржаларына қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейтуге кеңес берілді.

            Өз кезегінде аймақтық операторлар көмір саудасына қатысуға қатысты қиындықтар мен тауар биржалары немесе көмір шахталары тарапынан шектеулер жоқтығын  хабарлады.