МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ ЖМҚС ИЕЛЕРІНЕ КЕДЕРГІЛЕР ТУЫНДАТАДЫ

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛЫ ЖМҚС ИЕЛЕРІНЕ КЕДЕРГІЛЕР ТУЫНДАТАДЫ

2021 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Кедергілер жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Отырыста мұнай өнімдерін есепке алу бақылау құралы (бұдан әрі - ЕБҚ) арқылы бөлшек саудада өткізу мәселелері талқыланды.  

Қатысушылар атап өткендей, ЕБҚ нақты уақыт режимінде жанар-жағармай станциялары (бұдан әрі – ЖЖМС) иелерінің мұнай өнімдерінің айналымы туралы мәліметтерді «ҰАТ» АҚ (квазимемлекеттік кәсіпорын) операторына жібереді,  есесіне ЕБҚ ЖЖМС иелеріне қолжетімді емес.

Сонымен қатар, бүгінгі күні «ҰАТ» АҚ мұнай өнімдерінің айналымы бойынша ЕБҚ мәліметтері ЖЖМС иелерінің мәліметтеріне сәйкес келмегейтін жағдайлар да бар (ЖЖМС иелері декларацияны толтыру жолымен салық органына өткізілген көлемін ұсынады).

Көбінесе, «ҰАТ» АҚ ЕБҚ мұнай өнімдерінің айналымы көлемінің ЖЖМС иелерінің мәліметтерімен сәйкес келмеуінің себебі ЖЖМС иелерінің кінәсінен емес, интернеттің техникалық іркілісі, электр энергиясының өшуі, «ҰАТ» АҚ деректерін жинау, қабылдау және сақтау бойынша беру бағдарламасының уақтылы жаңартылмауы сияқты бірқатар басқа себептер бойынша орын алады. Осылайша, жоғарыда көрсетілген бірқатар себептер бойынша өткізу деректері мен ЕБҚ арасында айырмашылық орын алады, оларды жинауды жүзеге асыратын «ҰАТ» АҚ және мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда көрсетілетін мұнай өнімдерін нақты сату көлемдері арасында айырмашылық орын алады.

Әдетте, «ҰАТ» АҚ ЕБА-мен жүзеге асыратын өткізу бойынша осы көлемдерді жинау мәліметтері мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің нақты өткізу көлемдерінен қашанда қалып келеді.

Айта кету қажет, ЕБҚ басқа елдерде компаниялардың ішіндегі мұнай өнімдерінің қозғалысы мен айналымын ішкі бақылау және аудит жүргізу үшін қолданылады. Кедергілер жөніндегі кңесқатысушылары ЕБҚ-ны уәкілетті органдар тарапынан (МКД) камералдық бақылау бойынша мұнай өнімдерін өткізу көлемдерін есептеудің шынайы құралы ретінде пайдаланылмауы керек деп есептейді. Олардың пікірінше, «ҰАТ» АҚ  деректерді толық жинамау арқылы кедергілер жасайды, олардың мұнай өнімдерін сатуды жинау жөніндегі бағдарламасы жетілмеген және қателіктерге әкелетін айқын кемшіліктері бар.

 «ҰАТ» АҚ тудыратын тағы бір кедергі, ол жеке кабинет арқылы бөлшек сатушыларына ЕБҚ жиналған деректерін қарауға еркін қол жеткізуін ұсынбау болып табылады.

Отырыс қатысушылары мемлекеттің ЕБА енгізу арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласында акциздерді әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі бағдарламасы Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мойнына ауыр қаржылық ауыртпалық түсірді  (кәсіпкерлер интернет үшін қосымша шығындар көтереді деп санайды.

Нәтижесінде мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің нақты ешқандай кінәсінсіз әкімшілік жауапкершілік туындайды (мұнай өнімдерін ЕБА-дан тыс сату үшін бөлшек сауда нарығының субъектілеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 281-бабының 5-тармағымен қарастырылған) және бөлшек мұнай өнімдері саласында жұмыс істейтін нарық субъектілері әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес қатысушыларының бұл ұсынысы монополияға қарсы департаменттің кедергілер картасына қосылды және БҚДА қарауына жіберілді.