ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҰЙҒАРЫМЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕЙТІН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ ШАРТЫ БҰЗЫЛДЫ

ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ҰЙҒАРЫМЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ШЕКТЕЙТІН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ ШАРТЫ БҰЗЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан обысы бойынша департаменті тергеуінің нәтижесінде «Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылындағы муниципалдық базарды сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға үміткерлер арасындағы бәсекенің жойылуына әкеп соққан бәсекелестіккеқарсыәрекеттері анықталды.

Ақсуат ауылында 63 түрлі сауда объектілері дүкендер, сауда үйлері, минимаркет, сауда базарлары және т.б. бола тұра, Мем.орган тендер шарттарына потенциалды қатысушылардың базардиректоры немесе әкімшісі ретінде 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек деген шарттынегізсіз енгізілген.Оныңүстінесауда объектілерініңкөпшілігініңсаудасаласында 5 жылданастамуақытжұмысөтілінің де бар екендігін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, мемлекеттік орган екі кәсіпкерлік субъектісінің өтінімдерін жоғарыда көрсетілген тендер шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты, яғни олардың сауда үйлерінің 5 жылдан астам уақыт сауда саласындатәжірибесі болғанына қарамастан, «нарық» мәртебесіне сәйкес келмегені үшін қабылдамай тастағаны анықталды.

Сонымен бірге тендерге қатысуға жіберілген екі қатысушының аффилиирленген тұлғалар болып табылатындығы да анықталды. Ал, бұл факт олардың тендерде жеңіске жету үшін адал бәсекелестік күресін, жарыспалылығынжоққа шығаратындығы анық.

Осылайша, 2020 жылғы 03 қарашада Департамент тергеу нәтижелері бойынша Мем.органның атына 2019 жылғы 08 ақпандағы кейіннен сатып алу құқығымен Ақсуат ауылының муниципалдық нарығын сенімгерлік басқару шартын бұзу бойынша шаралар қабылдау жолымен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуды тоқтату туралы нұсқама енгізген болатын.

Мемлекеттік орган Департаменттің нұсқамасымен келіспей, оны орындаудан бас тартып, оған сот тәртібімен шағым түсірді.

2021 жылғы 08 сәуірде Шығыс қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Департаменттің монополияға қарсы органның жоғарыда көрсетілген нұсқамасын мемлекеттік органды орындауға мәжбүрлеу туралы талабы қанағаттандырылды, Департаменттің нұсқамасын заңсыз деп тану туралы қарсы талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Нәтижесінде, ШҚО бойынша Департаментіжүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2019 жылғы 08 Ақпанда кейіннен сатып алу құқығымен Ақсуат а.муниципалдық нарықты сенімгерлік басқару шартының тараптары 2021 жылғы 17 маусымында аталған шартты 2021 жылғы 18 маусымнан бастап бұзу туралы келісімге қол қойды.