ЖЖМ НАРЫҒЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН САҚТАУ

ЖЖМ НАРЫҒЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫН САҚТАУ

        ЖЖМ бағасының өсуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2021 жылғы 25 маусымда "Open Space" алаңында ЖЖМ сатумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

         «SINOOIL» ЖШС мен «ГазпромНефть-Қазақстан» ЖШС өкілдері мұнай өңдеу зауыттарының бірінде ұзақ жөндеуден кейін мұнай өнімдерін жеткізуде үзілістер болғанын хабарлады. Департамент тарапынан қатысушыларға жасанды жетіспеушілік, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының бағалары негізсіз көтерілген жағдайда, департамент монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдайтындығы туралы хабардар етілді.

            Алматы облысы бойынша монополияға қарсы орган бизнес-қоғамдастықтың барлық өкілдерін, сарапшылар мен тұтынушыларды Open Space-ке белсенді қатысуға шақырады.

Facebook Instagram–дағы @dazrk_po_alm_obl, ал Facebook-тегі- @ДАЗРК Талдыкорган парақшасында талқыланатын тақырыптар мен жоспарланған іс-шаралар жарияланатын болады

Ұсыныстар электрондық пошта мекенжайы бойынша да қабылданады dazrk_al@azrk.gov.kz және тел: 8(7282)-24-63-61