
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 2021 жылы 22 маусымда онлайн режимінде кедергілер жөніндегі Кеңестің кезекті отырысын өткізді.
Кеңес отырысында кәсіпкерлер 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енетін көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін (ержелерін) ұйымдастыру және пайдалану қағидаларына қатысты мәселені көтерді. Кедергілер жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Светлана Просяйникова ең өзекті мәселелер мен шешу жолдарын атап өтті.
Атап айтқанда, Ережеде N3 санатындағы тауар-көлік жүкжөнелтпе құжаттарын және N3, М2, М3 санатындағы жүктердің жол парақтарын электрондық түрде міндетті түрде жазып беру қарастырылған.
N3 санаты-техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 12 тоннадан асатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары;
M2 санаты-жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған 8-ден астам орны бар, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын көлік құралдары;
M3 санаты-жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, отыруға арналған 8-ден астам орны бар, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 5 тоннадан асатын көлік құралдары.
Бұл ретте Ережелердің 4-тармағында қажетті мәліметтер тізбесі мен толтыру тәртібі Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау ережелерінде және автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерінде айқындалады деп көрсетілген.
Алайда, арнайы тізбемен бекітілген оқ-дәрілер, сынап, радиоактивті заттар, мұнай өнімдері, сұйытылған газ және басқа да қауіпті жүктерді бөлшек саудада өткізушілер қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін басшылыққа алады. Осыған байланысты қауіпті жүктерді тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындарына, қауіпті жүктердің №3 санатқа жататыны белгісіз.
Ережелер 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді, бірақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әлі құрылған жоқ. Бұл жүйенің пилоттық жобасы жоқ.
Жаңа ережелердің осы кемшіліктерін ескере отырып, Светлана Просяйникова кедергілер жөніндегі Кеңеске келесі ұсыныстарды енгізді:
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері уәкілетті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың атына хат жолдау туралы шешім қабылдады.
Сурет ашық көздерден алынды