ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы органмен «Жуалы және Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не (Бөлімдер) қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеруді бастады.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың соңында монополияға қарсы департамент мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында заң бұзушылықтарды анықтады, аталған бөлімдер Жарғыда көзделмеген қызмет түрлеріне бір көзден сатып алу тәсілімен кәсіпорындармен шарттар жасасқан. Осыған орай, монополияға қарсы департамент бөлімдерге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды тоқтату туралы хабарлама шығарды, алайда мониторинг барысында 4 айдан кейін заң бұзушылықтар қайта орын алды. Қайталанған бұзушылықтарды анықтау нәтижесінде монополияға қарсы департамент бөлімдерге қатысты тергеп-тексеру тағайындады.