
2021 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті цемент өндіру және бастапқы сату нарығындағы баға белгілеу және өзекті мәселелер тақырыбында Open Space форматында бейнеконференция өткізді, оған "Жамбыл цемент өндірістік компаниясы" ЖШС өкілдері қатысты.
Кездесуде цемент компаниясының басшылары өнімнің құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес биржадағы сауда-саттықпен анықталатынын түсіндірді. Бұдан басқа, цемент өндіру жөніндегі шығындарға, оның ішінде инфляция, электр энергиясының құны, жалақының, шикізаттың өсуі, 2020 – 2021 жылдардағы карантиндік шараларға байланысты қосымша шығындар, тасымалдаушының тарифтері, теңге бағамы әсер етеді.
Департамент тарапынан болған диалог аясында "Жамбыл цемент өндірістік компаниясы" ЖШС өкілдеріне монополияға қарсы заңнаманың нормалары, адал бәсекелестіктің артықшылықтары түсіндірілді.