СОТ ТАЛҚЫЛАУЛАРЫНАН КЕЙІН ШЕТ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ НҰСҚАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

СОТ ТАЛҚЫЛАУЛАРЫНАН КЕЙІН ШЕТ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ НҰСҚАМАСЫН ОРЫНДАДЫ

Бұдан бұрын, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тендерлеріне жүргізілген талдау шеңберінде «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларында көзделген бұзушылық белгілері бойынша тергеуді аяқталғаны сөз болған. Бұл туралы https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/154837?lang=ru айтылған.

Тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-не қатысты бар бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарылған.

«Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ нұсқамамен келіспей, Департаменттің іс-әрекетіне Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді.

2021 жылғы 25 наурызда бірінші сатыдағы сот шешімі жария етілді, оған сәйкес «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды. Бұл туралы https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/154837?lang=ru айтылған.

Жоғарыда көрсетілген сот шешіміне «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-мен Қарағанды облысының облыстық сотына апелляциялық шағым берілді.

Қарағанды облыстық сотының қаулысымен, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалды.

16.06.2021ж. Департаменттің мекен-жайына «Шет ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ-нің мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру тендерінің нәтижелері бойынша жасалған, нарық субъектісімен жасалған 9 шарттың бұзылғаны туралы, яғни Департамент нұсқамасының орындалғаны туралы хат келіп түсті.

Сурет ашық көздерден алынды