
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің БҚО бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалының атына монополияға қарсы органның келісімінсіз өздерінің сервистік қызметтерінің тізбесіне «Бөгде ұйымдарға тиесілі жерасты тарату газ құбырларының техникалық аудиті және аспаптық диагностикасы» қызмет түрін енгізулеріне қатысты нұсқама шығарды. Өндірістік филиал Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының нормаларын бұзды.
Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ БҚӨФ қызметтің осы түрін көрсетілетін қызметтер тізбесінен алып тастап, өз құжаттарына қажетті өзгерістер енгізді, осылайша монополияға қарсы департаменттің нұсқамасын толық орындады.