НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ «КӨЛІК СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-ҒА ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛДЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ «КӨЛІК СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-ҒА ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҮШІН АЙЫППҰЛ САЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ға қатысты жүргізген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру қорытындылары бойынша КСО тарапынан бәсекелестің тауарға байкот жасауға және бәсекелестермен шартты бұзуға шақыру сияқты іс-әрекеттерінен жөн-жосықсыз бәсекелестік фактілерін анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, «КСО» бірқатар кәсіпкердің атына вагондарды беру-жинау қызметтерін көрсету бойынша тек белгілі бір заңды тұлғамен шарт жасасу қажеттігі туралы хаттар жолдап, бұл ретте ол өзінің жалғау жолдарын пайдалануды тоқтатқан.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 184-бабына сәйкес, тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың бәсекелестің сатушысымен (өнім берушісімен) шарттық қатынастар орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған әрекеттері бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.

Бұдан басқа, Кәсіпкерлік кодексінінің 186-бабында нарық субъектісіне қызметін жүзеге асыруға негізсіз кедергі келтіру, сонымен қоса бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру нарық субъектісінің әрекеттері болып табылатыны белгілеленген.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Департамент «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 163-бабы бойынша айыппұл салынды, соның негізінде осы жылдың 7 маусымында «КСО» айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толық төленді. Бұдан бөлек, Департамент «КСО» атына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының бұзылуын тоқтату туралы нұсқама шығарды.

 Өз қызметін бәсекелестік заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде, Көліктік сервис орталығы нарықтық экономика және адал бәсекелестік қағидаттарын сақтауға бағытталған монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісін әзірлеп, 2021 жылдың сәуірінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісілді.