Маңғыстауда компаниялар құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсірген

Маңғыстауда компаниялар құрылыс материалдары бағасын негізсіз өсірген

Құрылыс материалдарына жоғары сұранысты және тұрғын үй құрылысы нарығындағы дүрлігуді пайдаланған Маңғыстау облысының аумағында арматураны көтерме-бөлшек саудада өткізетін бизнес субъектілері монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін бұзушылықтарға жол берген.

Құзыретті органдарды тарта отырып атқарылған кешенді іс-шаралар жыл басынан бері нарықта арматураның құны объективті себептерсіз айтарлықтай өскенін көрсетті.

Нарықты егжей-тегжейлі зерделеу барысында нарық субъектілері («Металл-Сервис KZ» ЖШС, «КазТемирКонтракт» ЖШС, «Уралметаллинвест» ЖШС және басқалары) кәсіпкерліктен үстеме пайда алу арқылы жеке бас пайдасын көздеп, құрылыс материалдарын 24,4-тен 80%-ға дейін жоғары бағамен сатқаны анықталды.

Осылайша, кәсіпкерлік субъектілер нарықтық билікке ие болу арқылы тауар айналымының жалпы жағдайларын қадағалап және әсер ете отырып, сатылатын тауарлардың бағаларын белгілеген және ұстап тұрған.

Құқық қорғау органдарымен жасалған меморандум шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттерінде қылмыстық жазаланатын әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылданатын болады.

Нарықтың өзге субъектілерін жауапкершіліктен жалтаруын болдырмау мақсатында материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аймағы бойынша республиканың басқа монополияға қарсы департаменттеріне (Атырау облысы, Батыс-Қазақстан облысы) жолданады.