
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының шекарасында тұтынушыларды табиғи газға қосу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) қызметтерінің нарығына жоспарлы талдау жүргізілді.
Талдау қорытындысы бойынша, аталған нарықта «ГазСтройХолдинг» ЖШС (Мердігер) монополиялық жағдайға ие екендігі және нарық жоғары шоғырланған болып табылатыны анықталды.
ҚМЖ-ға жасалған мердігерлік шарттардың тармақтарына сәйкес Тапсырыс беруші (Тұтынушы), мердігердің жедел-шаруашылық қызметіне араласпай отырып, орындалатын жұмыстардың барысы мен сапасына, оларды орындау мерзімдерінің сақталуына, мердігер беретін материалдардың сапасына бақылау мен техникалық қадағалауды жүзеге асыруға міндетті.
Келісімшарт тармақтарына сай, егер Тапсырыс беруші мердігердің жұмысын бақылауды және техникалық қадағалауды жүзеге асырмаса, онда Тапсырыс беруші орындалған жұмыстың сапасына наразылық білдіру мүмкіндігінен айырылады.
Бұдан басқа, Тапсырысшы жұмыстардың орындалуын бақылауды және техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезінде жұмыстардың сапасын нашарлатуы мүмкін шарт талаптарынан анықталған ауытқулар немесе олардың өзге де кемшіліктері туралы мердігерге дереу мәлімдеуге міндетті. Егер Тапсырыс беруші мұндай мәлімдеме жасамаса, онда ол одан әрі өзі тапқан кемшіліктерге сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Осылайша, Тапсырыс берушіге, яғни, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында арнайы білімі жоқ адамға, өз кезегінде, осындай білімге ие Мердігердің жұмысын бақылау заңсыз жүктеледі.
«ГазСтройХолдинг» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – ҚР КК) 174-бабының 1-тармағында көзделген, монополиялық жағдайды теріс пайдалану, атап айтқанда, тұтынушыларға заңсыз міндеттерді жүктеу, бөлігінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері қарастырылған.
ҚР КК нормаларына сәйкес, Департаментпен «ГазСтройХолдинг» ЖШС атына Шарттың тиісті тармақтарын алып тастау жолымен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жолданды.
«ГазСтройХолдинг» ЖШС Департамент хабарламасын орындады.